Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз Мейрамы
20.03.2026 жылы ҚР ІІМ ҚАЖК «№46 мекемесі» орналасқан Павлодар облысы білім беру басқармасының «Техникалық колледжі» КМҚК-да Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз Мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді. Шара барысында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер, колледж студенттері және қатысуға ниет білдірген басқа да сотталғандар арасында қазақтың ұлттық спорт түрлері Тоғыз құмалақ пен Арқан тартудан жарыстар өткізілді.
Сонымен қатар жазасын өтеуші А.Т. колледж ұстаздарын шағын концерттік бағдарламамен құттықтады.
Әрине, Әз Наурыз мейрамының құрметіне ұлттық тағамдардан дастархан жайылды.
«Үздік автомобиль жөндеу слесарі» Республикалық кәсіби шеберлік байқауы
2026 жылдың 26 ақпанында Павлодар облысы түзуе мекемелерінде орналасқан ТжКББ оқу орындарының тарихында бірінші рет ҚР ІІМ ҚАЖК «№ 46 мекеме» РММ мекемесінде Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім басқармасы «Техникалық колледжі» КМҚК-да түзеу мекемелеріндегі колледж студенттері арасында «Үздік автомобиль жөндеу слесарі» Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқау «Талап» КЕАҚ президенті С.М. Тәтібеков бекіткен Республикалық байқау туралы Ережеге сәйкес, келесі мекемелерде өткізілді: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№1 Өскемен колледжі» КММ-де, Абай облысы білім басқармасының Политехникалық колледжінде, Павлодар облысы білім басқармасының «Техникалық колледжі» КМҚК-да және Қарағанды облысы білім басқармасының «№1 колледжі» КММ-де.
Біздің колледж атынан колледждің ішкі кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары Берік Тілеуғалиұлы Омаргалин мен Виталий Валерьевич Рандюк қатысты. Сайысқа қатысушыларды өндірістік оқыту шеберлері: Самат Хамитович Батауов пен Павел Федорович Иванов дайындады.
Байқау екі кезеңде өтті:
1 кезең – Теориялық. Бұл кезеңде сайыскерлер 60 сұрақтан тұратын жазбаша тест тапсырмаларын орындады. Тест сұрақтарын ұйымдастырушы жарыстан бір күн бұрын таратып, қатысушыларғасұрақтар аудиторияда сайыс басталар алдында берілді.
2 кезең — Практикалық. Бұл кезеңде автокөлік генераторын бөлшектеу және құрастыру бойынша практикалық тапсырмалар орындалды. Тәжірибелік тапсырма келесі критерийлер бойынша бағаланды: Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтау, Бөлшектеу және құрастыру жұмыстарының реттілігі, Өлшеу құралдарын пайдалана білу, Жұмыс орнын ұйымдастыру, Жөндеу процесін оңтайландыру, Өлшеу жұмыстарын жүргізу, Жұмыс орнын және шығын материалдарын құрастыру.
Республикалық байқауды ұйымдастыру алқасына колледжімізден колледж басшысы мен басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары кірді.
Теориялық кезеңнің жауап парақтары бағалау және балл қою үшін байқауды ұйымдастырушыға жіберілді.
Байқаудың тәжірибелік бөлігін бағалау үшін «Еңбек» МКҚК «Еңбек-Павлодар» филиалының № 24 учаскесінің аға шебері Ермек Ануарбекович Мухаметжаров, ҚР ІІМ ҚАЖК «№ 46 мекеме» РММ СЖҚБ аға инспекторы әділет лейтенанты Ляззат Қали-Аскеровна Иманбаева, колледж басшысының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Жанайдар Жилкайдарович Жамалиденов және өндірістік оқыту шебері Павел Федорович Иванов сараптау комиссиясы құрамына кірді.
Республикалық конкурстың теориялық кезеңінің қорытындысы және жалпы қорытынды бағасы конкурсқа қатысушы барлық облыстардың колледж өкілдерінен құрастырылған ұйымдастыру комитетінің мүшелерінің қатысуымен ЗУМ кеңесінде жасалды.
Конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын үшін 1 дәрежелі дипломды біздің колледж студенті Рандюк Виталий Валерьевич иеленді, 2 орын үшін берілген 2 дәрежелі дипломды да біздің студентіміз Омаргалин Берик Тлеугалиевич алды.
Ұйымдастыру комитеті мен сараптама комиссиясының құрамына кірген колледждің инженерлік-педагогикалық құрамының барлық қызметкерлері «Талап» КЕАҚ сертификаттарымен марапатталды.
23.01.2026 жылы КМҚК ҚР ІІМ ҚАЖК «№46 мекемесі» жанындағы Павлодар облысы білім беру басқармасы «Техникалық колледжі» КМҚК-да Павлодар облысы ҚАЖД мекеме әкімшілігінің қолдауымен 2026-2027 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде «Автомобиль жөндеу слесарі», «Жиһаз жинақтаушысы» біліктіліктері бойынша мастер-класс өткізілді.
Колледждің компьютерлік сыныбында интерактивті тақтаны қолдана отырып, автомобиль аккумуляторының құрылғысы, мақсаты, жұмыс принципі бойынша бейне ролик көрсетілді. Зертханалық-практикалық сабақтар кабинетінде өндірістік оқыту шебері П.Ф.Иванов электролит тығыздығын өлшеу және аккумулятордың зарядталуын тексеру принципін көрсетті.
«Жиһаз жинақтаушысы» біліктілігі бойынша өндірістік оқыту шебері Е.М.Токкожин корпустық жиһазды (оқушы партасын) дайындау принциптерімен таныстырды: материалды іріктеу және дайындау, дәнекерлеу кезеңдері мен металл қаңқаны және ЛДСП жабынын сырлау технологиясы, сондай-ақ құрастыру кезектілігін көрсетті.
Мастер-класқа қатысқан сотталғандар электролиттің тығыздығын өлшеп, аккумулятордың зарядталуын тексеруді, оқушының партасын жинауды өздері орындады.
Мастер-класқа қатысқан барлық сотталғандарға қатысушы сертификаттары табысталды, сондай-ақ мастер-класс қатысушыларын ҚР ІІМ ҚАЖК «№46 мекемесі» РММ бастығының орынбасары әділет подполковнигі С. Е. Шарипбеков, Павлодар облысы бойынша ҚАЖД СЖҚТ бас маманының лауазымын уақытша орындаушы әділет капитаны Ж. А. Айдарханова, ҚАЖК «№46 мекемесі» ҚР ІІМ РММ СЖҚТ аға инспекторы әділет лейтенанты Л. К-А. Иманбаева құттықтады.