Экран диктора
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • ДАКЕНОВ СЕРИК КАБЫЛБЕКОВИЧ
    ҚР ІІМ ТЖК «No 46 мекемесінде» «Техникалық колледжі» МКҚК жаңа оқу жылына оқуға қабылдау

    ҚР ІІМ ТЖК «No 46 мекемесі» РМУ бас бостандығынан айрылғандарды қолданыстағы білім беру бағдарламалары аясында жаңа кәсіптер мен дағдыларды меңгеру мүмкіндігін бере отырып, олардың оқу-тәрбие үдерісі бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастыруда.

    «Техникалық колледжі» ҚАЖ мемлекеттік мекемесінде сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша оқуға түсуге ниет білдірген жазасын өтеушілер үшін олардың бостандыққа шыққаннан кейін оңалту және қоғамға бейімделу мүмкіндігін айтарлықтай арттыратын оқуға қабылдау ашылады.

    «Техникалық колледжі» МКҚК-да «Еңбек-Павлодар» РМК филиалының әлеуметтік серіктесі No44 орта мектеп өкілдерінің шақыруымен жаңа оқу жылына талапкерлерді іріктеуге арналған семинар өтті. Іс-шара болашақ білім алушыларды дайындаудағы маңызды қадам болды және интерактивті тақтаны пайдалану арқылы ашылған жаңашылдыққа  ерекше мән берді.

    «Техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесі жазасын өтеушілерге заманауи еңбек нарығының талаптарына сай келетін мамандықтардың кең спектрін ұсынады. Жаңа оқу жылында кадрларды қабылдау келесі бағыттар бойынша күтілуде:

    — «Токарь (түрлері бойынша)», біліктілігі: «Токарь»;

    — «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», біліктілігі: «Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь»;

    — «Слесарь (саласы және түрі бойынша)», біліктілігі: «Жөндеуші»;

    — «Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)», біліктілігі: «Жиһаз құрастырушы»;

    Білім беру қазіргі талаптағы стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл білім алушылардың экономиканың нақты секторында сұранысқа ие болатын сапалы білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

    ҚР ІІМ ТЖК «No 46 мекемесінде» оқу үрдісі оны шынайы кәсіби дайындық жағдайына барынша жақындататындай етіп ұйымдастырылған.

    Колледж тек теориялық білімге ғана емес, практикалық дағдыларға да үлкен көңіл бөледі, станоктармен және құрал-саймандармен жабдықталған мамандандырылған шеберханаларда және зертханаларда шеберліктерін ұштайды.

    Сонымен қатар, оқытуды тиісті салаларда тәжірибесі бар білікті оқытушылар жүргізеді.

    Оқыту курсында белгілі бір кәсіпке оқыту ғана емес, сонымен қатар бас бостандығынан айырылушыларды әлеуметтік оңалтуға ықпал ететін еңбек заңнамасының негіздері де қамтылғаны маңызды.

    «No46 мекемедегі» «Техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесіне оқуға қабылдауға орта білімі бар және таңдаған мамандығы бойынша білім алуға ниеті бар барлық санаттағы жазасын өтеушілер қатыса алады.

    Бас бостандығынан айрылған адам білім алушы болу үшін мекеменің колледжіне өтініш беруі керек. Оқуға қабылдау үдерісі үміткердің оқуға деген ынтасын және дайындығын тексеретін оқытушылармен сұхбаттасуды қамтиды.

    ҚР ІІМ ТЖК-нің «No46 мекемесінде» ҚАЖ «Техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесіне жаңа оқу жылына оқуға қабылдау жазасын өтеушілердің еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар алуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

    Білім беру бағдарламалары арқылы алынған оқыту жазасын өтеушілер кәсіби біліктілігін арттыруға ғана емес, сонымен бірге қоғамға табысты оралуға дайындалуға көмектеседі.