Жоба аясында тек Алматы қаласында 2024 жылы 22 мың оқушыға арналған 7 мектеп салынды, тағы 14 мектеп осы жылдың соңына дейін салынады.
Жоба аясында тек Алматы қаласында 2024 жылы 22 мың оқушыға арналған 7 мектеп салынды, тағы 14 мектеп осы жылдың соңына дейін салынады.

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Әр мектепте робототехника кабинететері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 4 спорт залы бар, заманауи пәндіктер кабинет, алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар қарастырылған
ҚР ІІМ ТЖК «No 46 мекемесі» РМУ бас бостандығынан айрылғандарды қолданыстағы білім беру бағдарламалары аясында жаңа кәсіптер мен дағдыларды меңгеру мүмкіндігін бере отырып, олардың оқу-тәрбие үдерісі бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастыруда.
«Техникалық колледжі» ҚАЖ мемлекеттік мекемесінде сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша оқуға түсуге ниет білдірген жазасын өтеушілер үшін олардың бостандыққа шыққаннан кейін оңалту және қоғамға бейімделу мүмкіндігін айтарлықтай арттыратын оқуға қабылдау ашылады.
«Техникалық колледжі» МКҚК-да «Еңбек-Павлодар» РМК филиалының әлеуметтік серіктесі No44 орта мектеп өкілдерінің шақыруымен жаңа оқу жылына талапкерлерді іріктеуге арналған семинар өтті. Іс-шара болашақ білім алушыларды дайындаудағы маңызды қадам болды және интерактивті тақтаны пайдалану арқылы ашылған жаңашылдыққа ерекше мән берді.
«Техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесі жазасын өтеушілерге заманауи еңбек нарығының талаптарына сай келетін мамандықтардың кең спектрін ұсынады. Жаңа оқу жылында кадрларды қабылдау келесі бағыттар бойынша күтілуде:
— «Токарь (түрлері бойынша)», біліктілігі: «Токарь»;
— «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», біліктілігі: «Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь»;
— «Слесарь (саласы және түрі бойынша)», біліктілігі: «Жөндеуші»;
— «Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)», біліктілігі: «Жиһаз құрастырушы»;
Білім беру қазіргі талаптағы стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл білім алушылардың экономиканың нақты секторында сұранысқа ие болатын сапалы білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
ҚР ІІМ ТЖК «No 46 мекемесінде» оқу үрдісі оны шынайы кәсіби дайындық жағдайына барынша жақындататындай етіп ұйымдастырылған.
Колледж тек теориялық білімге ғана емес, практикалық дағдыларға да үлкен көңіл бөледі, станоктармен және құрал-саймандармен жабдықталған мамандандырылған шеберханаларда және зертханаларда шеберліктерін ұштайды.
Сонымен қатар, оқытуды тиісті салаларда тәжірибесі бар білікті оқытушылар жүргізеді.
Оқыту курсында белгілі бір кәсіпке оқыту ғана емес, сонымен қатар бас бостандығынан айырылушыларды әлеуметтік оңалтуға ықпал ететін еңбек заңнамасының негіздері де қамтылғаны маңызды.
«No46 мекемедегі» «Техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесіне оқуға қабылдауға орта білімі бар және таңдаған мамандығы бойынша білім алуға ниеті бар барлық санаттағы жазасын өтеушілер қатыса алады.
Бас бостандығынан айрылған адам білім алушы болу үшін мекеменің колледжіне өтініш беруі керек. Оқуға қабылдау үдерісі үміткердің оқуға деген ынтасын және дайындығын тексеретін оқытушылармен сұхбаттасуды қамтиды.
ҚР ІІМ ТЖК-нің «No46 мекемесінде» ҚАЖ «Техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесіне жаңа оқу жылына оқуға қабылдау жазасын өтеушілердің еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар алуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Білім беру бағдарламалары арқылы алынған оқыту жазасын өтеушілер кәсіби біліктілігін арттыруға ғана емес, сонымен бірге қоғамға табысты оралуға дайындалуға көмектеседі.

08.05.2025 жылы ҚР ІІМ ҚАЖК «№46 Мекемесі» РММ жанындағы Павлодар облысы білім беру басқармасының «Техникалық колледжі» КМҚК-да ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара колледждің компьютерлік сыныбында интерактивтік тақтаны қолданумен викторина түрінде өткізілді. Викторинаның сұрақтарын дайындап, сайыстың ақпараттық және элетрондық сүйемелдеуін колледж басшысының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Ж.Ж. Жамалиденов өткізді. Сайысқа қатысушы студенттер ҰОС тарихы туралы, маңызды кезеңдер мен Жеңіске зор үлесін қосқан тұлғалар туралы өз білімдерін көрсетті. Конкурсты бағалау комиссиясының құрамына ҚР ІІМ ҚАЖК «№46 Мекемесі» РММ психологы, колледждің тарих пәнінің оқытушысы, колледждің аға шебері кірді. Сайыс жеңімпаздарды марапаттаумен және барлық қатысушыларды мадақтаумен аяқталды.

2025 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК «No 46 мекемесі» РММ жанындағы Павлодар облысы білім басқармасының «Техникалық колледжі» КМҚК-да Жұмысшы мамандықтар жылына арналған студенттер арасында колледж ішілік кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқау «Токарлық іс» мамандығы бойынша «Токарь» біліктілігі және «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша «Автомобиль жөндеу слесары» біліктілігі бойынша өткізілді.
Сайыскерлер екі айналым бойынша тапсырмаларды орындады:
1 теориялық, оның барысында байқауға қатысушылар тест тапсырмаларын орындады, 2 практикалық, оның барысында сайыскерлер өз мамандықтары бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.
Байқауды білікті конкурс комиссиясы бағалады, оның құрамына «Еңбек» РМК «Еңбек-Павлодар» филиалының өкілдері, Павлодар облысы ҚАЖД-нің сотталғандарды жұмыспен қамту тобының бас маманы, ҚАЖК «No 46 мекемесі» РММ-нің сотталғандарды жұмыспен қамту тобының аға инспекторы, колледж басшысының орынбасары және колледждің аға шебері кірді. Бағалау кезінде арнайы киімнің, жеке қорғану құралдарының болуы, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, өрт қауіпсіздігі, генераторды бөлшектеу және құрастыру дұрыстығы, тапсырма орындау кезіндегі уақыт нормасының сақталуы, темір дайындаманы токарлық өңдеу кезіндегі өлшемдердің сақталуы және жұмысты орындау кезінде уақыт нормасының сақталуы ескерілді.
Жарыс жеңімпаздарды марапаттаумен және барлық қатысушыларды мадақтаумен аяқталды. Сондай-ақ колледж басшылығы түзеу мекемесінің басшылығына жарысқа қатысушыларды марапаттау туралы өтініш берді.

2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды, бұлелдегі жұмысшы мамандықтардың рөлін арттырудың маңызды кезеңі болды және бұл оқиға сот шешімімен бас бостандығынан айырылғандарды оқытатын Техникалық колледжінде белсенді қолдау тапты. Колледж осы бастама шеңберінде «№46 мекемеде» сотталғандардың кәсіби дағдыларын арттыруға, оларды еңбек кебейімдеуге және оларды әлеуметті коңалту үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған бір қатар іс-шаралар өткізіп жатыр.
Негізгі іс-шаралардың бірі – сотталғандарға жұмысшы мамандықтарын алуға бағытталған білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру болып табылады. «№46 мекемеде» «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Токарлық іс» сияқты мамандықтар бойынша оқыту ұйымдастырылды. Бұл кәсіптер еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және сотталғандарға босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуға нақты мүмкіндік береді.
Білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлердің басшылығы мен өтетін практикалық сабақтар болып табылады. Сотталғандар теорияны үйреніп қанақоймай, таңдаған мамандығы бойынша еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті практикалық дағдыларды игереді. Бұл оқу сапасын жақсартуғағана емес, білім алушылардың өз қабілеттеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
«Техникалық колледжі» КМҚК Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өткізілетін іс-шаралар сотталғандарды оңалтуда маңызды рөл атқарады. Теориялық және практикалық сабақтарды кіріктіре отырып жұмысшы мамандықтарына теориалық оқыту, кәсіптік оқыту, конкурстар өткізу және әлеуметтік серіктес «Еңбек» РМК «Еңбек-Павлодар» филиалымен ынтымақтастық сотталғандардың кәсіби біліктілігін арттыруға көмектесіп қана қоймай, оларды қоғамға қайтаруға дайындайды. Осылайша, Жұмысшы мамандықтар жылы бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға қайта бейімделу үшін жағдай жасауға көмектеседі.

«Техникалық колледжі» КМҚК
басшысының ОӨЖ жөніндегі орынбасары Н.А. Шамкенов